2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi исламдық сақтандыру қызметі болып табылады.
5-бап. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдарды сақтандыру
1. Шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар, оның iшiнде өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей пайдаланады.
2. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының және «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыруы
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы ғана жүзеге асыра алады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарымен және «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен мынадай жағдайларда:
1) жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде уақытша болатын Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына осы тұлғалардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана;
2) Қазақстан Республикасының резиденттеріне теңіз көлігі (каботаж қызметтерін ұсынатын кемелерді қоспағанда), коммерциялық авиация көрсететін қызметтерге, ғарыштық ұшуларды (спутниктерді қоса алғанда) іске қосуды және оның фрахтасы көрсететін қызметтерге және олармен байланысты көрсетілетін қызметтерге (тауарларды тасымалдау, тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарының өздерін сақтандыру және осыдан туындайтын кез келген жауапкершілік) байланысты тәуекелдер, апаттық тәуекелдер, климаттық тәуекелдер, кибер тәуекелдер, терроризм тәуекелдері, азаматтық тәртіпсіздіктер және ереуілдер бөлігінде;
3) Қазақстан Республикасының резиденттеріне исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес тәуекелдерді сақтандыру бөлігінде;
4) Қазақстан Республикасының резиденттеріне осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 15), 17) және 18) тармақшаларында көзделген, ерікті нысанда сақтандыру сыныптары шеңберінде өтелетін тәуекелдер бөлігінде сақтандыру шарттарын жасасуға және оларды орындауға жол беріледі.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес тәуекелдерді сақтандыруына сақтандыру объектісі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болған кезде ғана жол беріледі.
Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент мемлекеттік сақтандыру ұйымдарымен Қазақстан Республикасының резиденттеріне шетелдік ұйымдардың немесе банктердің кредит беруіне байланысты кредиттерді, инвестицияларды, мəмілелерді сақтандыру бөлігінде сақтандыру шарттарын жасасуына (орындауына) жол беріледі.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қазақстан Республикасы банктерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент-жеке және заңды тұлғаларынан Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің және «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушылардың пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруына тыйым салынады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарымен шарттар жасасқан жағдайларға қолданылмайды.
2-тарау. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді
6-бап. Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi
1. Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi «өмiрдi сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Өмірді сақтандыру» саласы қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды және ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, өмірді сақтандыру;
2) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру;
3) мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру;
4) зейнетақы аннуитеттін сақтандыру.
3. «Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
2) ауырған жағдайдан сақтандыру;
3) автомобиль көлігін сақтандыру;
4) темір жол көлігін сақтандыру;
5) әуе көлігін сақтандыру;
6) су көлігін сақтандыру;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) ғарыш объектілерін сақтандыру;
7) жүктерді сақтандыру;
8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті залалдан сақтандыру;
9) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
10) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
11) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-2) кәсіби жауапкершілікті сақтандыру;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) осы тармақтың 9), 10), 11), 11-1) және 11-2) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру;
14) ипотеканы сақтандыру;
15) кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды
15-1) осы тармақтың 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру;
16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру;
17) сот шығыстарынан сақтандыру;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) титулдық сақтандыру.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу шарттары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) шеңберіндегі пруденциалдық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Сақтандыру түрi, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бiр немесе бiрнеше сыныбы шегiнде әзiрлейтiн және беретiн сақтандыру өнiмi болып табылады.
6. Мазмұны мен талаптары Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заңнамалық актісімен айқындалатын міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жекелеген сыныбы болып табылады.
Мiндеттi сақтандыру түрлерiнiң тізбесiн қараңыз
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Жүктелген сақтандыру міндетті сақтандыруды білдіреді, бұл ретте міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төмен шарттары (оның ішінде сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелдері және сақтандыру сомаларының ең төмен мөлшерлері) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді, ал сақтандырудың өзге де шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады
Жүктелген сақтандыру осы баптың 3-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше сақтандыру сыныбы шегінде жүзеге асырылады және сақтандырудың жеке сыныбы болып табылмайды.
Жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарға қойылатын ең төмен талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарды жүктелген сақтандыруға жататын қызмет түрін реттейтін уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.
Тараптардың келісімі бойынша жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін ережелермен толықтырылуы мүмкін.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді ( бұр. ред. қара)
7-бап. Сақтандыру сыныптарының мазмұны
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Өмірді сақтандыру, осы баптың 2-3-тармағында көрсетілген сақтандыру түрін қоспағанда, сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін не сақтандыру шартында айқындалған жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Аннуитеттік сақтандыру, осы баптың 2-4-тармағында көрсетілген сақтандыру түрін қоспағанда, шартта белгіленген мерзім ішінде пайда алушының пайдасына мерзімді төлемдер түрінде мерзімді сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
2-1. 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-2. 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-3. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру сақтанушы қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне байланысты еңбекке жарамдылығын жоғалтқан немесе ол сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүрген жағдайларда «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрін білдіреді.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 2-4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-4. Зейнетақы аннуитетін сақтандыру Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мерзімді сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін жинақтаушы сақтандыру түрін білдіреді.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жазатайым оқиғадан сақтандыру, ауруға және (немесе) денсаулықтың өзге де бұзылуына байланысты тәуекелдерді сақтандыруды қоспағанда, сақтандырылушы жазатайым оқиға, кәсіби ауру салдарынан қайтыс болған, еңбекке жарамдылығын (жалпы немесе кәсіби) жоғалтқан (толық немесе ішінара) немесе денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайларда сақтандырылушының шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемақы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
Жазатайым жағдай дегеніміз - адамның ерік-жігеріне қарамастан басталған, сақтандырылушының организміне сырттан оның денсаулығына зиян келуіне, мертігуіне не өліміне әкеліп соққан механикалық, электрлік, химиялық немесе термикалық әсер етуі салдарынан кенеттен болған, қысқа мерзімді оқиға (жағдай).
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ауырған жағдайда сақтандыру сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге де бұзылуына байланысты шығыстарын, оның ішінде ауруы және (немесе) денсаулықтың өзге де бұзылуы салдарынан қайтыс болуына байланысты шығыстарды тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемақы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
5. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-6) тармақшаларында тізбеленген көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғалардың мүліктік мүдделеріне айдап әкетуді немесе ұрлауды қоса алғанда, сондай-ақ оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Ғарыш объектілерін сақтандыру ғарыш объектісін иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне оның бүлінуі немесе жойылуы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
6. Жүктерді сақтандыру жүкті, оның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа да барлық түрлерін қоса алғанда, иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне тасымалдау әдісіне қарамастан, оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
7. Мүлікті сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында тізбеленген мүлікті қоспағанда, оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғанда, залалды өтеуге міндетті тұлға көлік құралын пайдалануы салдарынан келтірген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1. Ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру ғарыш объектісін пайдалануына байланысты залалды өтеуге міндетті тұлға келтірген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-2-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-2. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру арнайы рұқсат (лицензия, хабарлама) негізінде жүргізілетін және (немесе) арнаулы білімді, тәжірибені және (немесе) біліктілікті талап ететін кәсіби қызмет процесіндегі немесе нәтижесіндегі қате әрекеттер (әрекетсіздік) және (немесе) олқылықтар салдарынан үшінші тұлғаларға зиян келтіруге байланысты залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру түрін білдіреді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда
9. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9), 10), 11), 11-1) және 11-2) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптарымен өтелетін тәуекелдерді қоспағанда, барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан, залалды өтеуге міндетті сақтанушы келтірген залалдың орнын ішінара немесе толық толтыру мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру сақтанушының (қарыз алушы-заңды тұлғаның) кредитор алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредитордың залалдары туындаған кезде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Ипотекалық сақтандыру ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепіл мүлкін өткізгеннен кейін қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрін білдіреді.
12. Кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру берілген кепілдіктер мен кепілдемелерді орындау міндеті салдарынан кепілдік немесе кепілдеме берген тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
13. Басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 12)-15) тармақшаларында аталған сақтандыру тәуекелдерін қоспағанда, қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру нәтижесінде жұмыстан айырылу, кірісті жоғалту, қолайсыз табиғи құбылыстар, үздіксіз, болжанбаған шығыстар, нарықтық құнын жоғалту және басқа да шығындар салдарынан шығын келтірілу кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
14. Сот шығыстарын сақтандыру сақтанушының (сақтандырылушының) соттың істі қарауына байланысты олардың көтерген шығыстары салдарынан шығындануы кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
15. Осы баптың 11-13-тармақтарында аталған тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтанушының өзінің ғана тәуекелі және оның пайдасына ғана шешілетін тәуекел сақтандырылуы мүмкін.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды
16. Қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтер көрсетуі нәтижесіндегі шығындарды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 17-тармақпен толықтырылды
17. Титулдық сақтандыру мүлікке меншік құқығын тоқтатқан жағдайда, сақтанушының мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8 -бап өзгертілді
8-бап. Сақтандыру салалары мен сыныптарын бiрiктiру
1. Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру ұйымының қызметi «өмiрдi сақтандыру» саласы бойынша лицензия немесе «жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензия негiзiнде сақтандырудың лицензияда көрсетiлген тиiстi сыныптары шегiнде жүзеге асырылады.
2. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызметтi:
1) «өмiрдi сақтандыру» саласындағы қызметпен бiрiктiруге;
2) жинақтаушы сақтандыру нысанында жүзеге асыруға болмайды.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. «Өмірді сақтандыру» саласындағы қызмет:
1) осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптарын қоспағанда, «жалпы сақтандыру» саласындағы қызметпен;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) туристі міндетті сақтандыруды қоспағанда, «өмірді сақтандыру» саласына жатпайтын міндетті сақтандыру түрлерімен біріктірілмейді.
4. Сақтандыру ұйымы, өзiнде сақтандырудың тиiстi сыныптары көрсетiлген және осы Заңда белгiленетiн сақтандыру сыныптарын бiрiктiру жөніндегі шектеулер ескерiлген лицензия болған жағдайда, сақтандырудың екi және одан көп сыныптарының белгiлерi мен мазмұнын ұштастыратын сақтандыру түрiн әзiрлеуге құқылы.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап жаңа редакцияда
9-бап. Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет
1. Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызмет осы Заңда көзделген тәртіппен лицензиялауға жатады.
2. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясыз сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асырады.
3. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензия болған кезде ғана сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдауға құқылы.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы «жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясында көрсетілген барлық сақтандыру сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөніндегі лицензияны алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы.
5. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы осы Заңның 8-бабының 3-тармағында көзделген сыныптарды біріктіруді ескере отырып, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша оның лицензиясында көрсетілген сақтандырудың барлық сыныбы бойынша қайта сақтандыру жөніндегі лицензияны алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)